
Найроби, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Еуропа және Достастық елдер департаментінің директоры Джуди Нжаумен кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларды және екіжақты құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат контр-әріптесті мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыруға және «Әділ Қазақстанды» құруға бағытталған Қазақстандағы жарияланған ауқымды конституциялық өзгерістер туралы хабардар етіп, олар бүкілхалықтық референдумға ұсынылатыны туралы ақпаратты жеткізді.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа дайындықтарын растады.
Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде ақпараттық және қаржылық технологияларды, ғарыштық, транзиттік және көліктік бағыттарды, оның ішінде Кения порттарын пайдалануды, медицинаны, ауыл шаруашылығын, туризмді, ғылыми және мәдени алмасуларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шаралар, оның ішінде сауда және инвестиция, көлік, ақпараттық технологиялар және туризм салалары бойынша Қазақстан мен Кения арасында құрылған төрт сарапшылық топтар шеңберінде тиісті жұмысты жүргізуге уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1152496?lang=kk

Жауап қалдыру