Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мекеме қызметкерлері арасында өткен аудандық спартакиада аясында қол күресінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 11 команда қатысты.
70 кг ерлер:
Жеңіске деген жiгерлiгi үшiн Ынтазар Iзбасар Лицей командасы
70 кг жоғары ерлер:
Жеңіске деген жiгерлiгi үшін
Нығмет Әсет БЖСМ командасы
70 кг әйелдер:
Жеңіске деген жiгерлiгi үшiн Кенесарина Гулнур Лицей командасы
70 кг жоғары әйелдер
Жеңіске деген жiгерлiгi үшін
Бегманова Гулмира Алаш командасы
Спортакиада аясында өткен қол күресінен жарыс спортшылардың күш-жігерін, төзімділігі мен қайсар мінезін айқын көрсетті. Тартысты бәсекеде әр қатысушы өз мүмкіндігін дәлелдеп, жеңіске деген жігерін паш етті. Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, спортқа деген қызығушылықты арттырып, жастарды шынықтыруға үлкен үлес қосады. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Құбаева Нұрайлым
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1152778?lang=kk

Жауап қалдыру