САУРАНДА СУ ЖҮЙЕСІ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ- КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
«Басқармалар үйінде» аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Мәжілісте «Сауран Су» және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2025 жылғы қызмет қорытындылары мен 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Сауран Су» МКК басшысы Жарменов Мақсат баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Су жүйесін жаңғырту, қызмет көрсету сапасын арттыру және алдағы кезеңге жоспарланған шаралар туралы ақпарат берілді.
Екінші мәселе бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанағат Асылбек баяндама жасап, тұрғын үй қорын жаңарту, қоғамдық аумақтарды абаттандыру және коммуналдық қызмет сапасын жақсарту бағытында жүргізілген жұмыстарды атап өтті. 2026 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспары ұсынылды.
Мәжіліс барысында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, инфрақұрылымдық мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Баяндамашылар көтерілген мәселелерге қатысты түсіндірме беріп, шешу жолдарын көрсетті.
Жиын қорытындысымен қаралған мәселелерге сәйкес нақты тапсырмалар беріліп, бөлімдерге бақылау және есептілік міндеттері жүктелді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1152302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді