Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
2026 жылдың 26 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Жезқазған қаласында үстел теннисінен 2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар қатысқан дүбірлі додада Түркістан облысының құрама командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Командалық есепте ұлдар арасында Түркістан облысының спортшылары алтын жүлдені иеленіп, чемпион атанды. Жекелей сында Марлен Жұмағұл чемпион атанса, ал Ердәулет Бекқұлы 3-орынды иеленді. Жұптық бәсекеде де түркістандықтар табысты өнер көрсетті. Ұлдар арасында Орынбасар Есімхан мен Ердәулет Бекұлы күміс жүлдеге қол жеткізсе, Марлен Жұмағұл мен Абай Жұмағұл қола жүлдені иеленді. Қыздар жұбында апалы-сіңлілі Айна мен Ұлданай Нәзірлер алғашқы үштіктен көрінді. Аралас жұптық сайыста Марлен Жұмағұл алтын жүлдені жеңіп алса, Орынбасар Есімхан қола жүлдеге қол жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1152587?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді