Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА ЕУРОПАҒА ТАУАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
▪️Түркістан облысының әкімі шетелдік инвестормен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңір аумағында логистикалық орталық ашу мәселесі талқыланды. Облыс әкімі өңірдің инвестициялық және транзиттік-логистикалық әлеуеті зор екенін жеткізді.
📌– Түркістан облысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінің бойында орналасқан. Халықаралық әуежайымыз бар. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, тауар айналымы көлемін арттыруға болады. Жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Шетелдік компания өкілі Түркістандағы әуежай арқылы Еуропаға 2000 тонна тауар тасымалдағанын, биыл бұл көрсеткішті ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен бірге Түркістанды халықаралық логистика хабы ретінде дамытуға қызығушылық танытты. Ендігі ретте осы өңірден тауарды сақтайтын, арнайы буып-түйетін логистикалық орталық салу көзделіп отыр.
▪️Тараптар Түркістан облысының географиялық орналасуы мен транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жайын сөз етті.
▪️Облыс әкімі өңір басшылығы инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, мұндай ірі жобалар аймақ экономикасының дамуына серпін беретінін жеткізді.
▪️Кездесу қорытындысында қос тарап жобаны нақтылау, алдағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОВЕДЕНЫ ПЕРЕГОВОРЫ ПО ОТКРЫТИЮ ЛОГИСТИЧЕСКОГО ЦЕНТРА ДЛЯ ПЕРЕВОЗКИ ТОВАРОВ В ЕВРОПУ
▪️ Аким Туркестанской области провел встречу с иностранным инвестором. Стороны обсудили вопрос открытия логистического центра на территории региона. Нуралхан Кушеров отметил, что область обладает огромным инвестиционным и транзитно-логистическим потенциалом.
📌 – Туркестанская область расположена вдоль магистрали «Западная Европа – Западный Китай». У нас есть международный аэропорт. Используя эти возможности, можно увеличить объемы товарооборота. Мы готовы оказать поддержку в реализации проектов, – отметил Нуралхан Кушеров.
▪️ Представитель иностранной компании сообщил, что через аэропорт Туркестана в Европу уже было перевезено 2000 тонн товаров, и в текущем году планируется увеличить этот показатель. Также была выражена заинтересованность в развитии Туркестана как международного логистического хаба. В планах – строительство логистического центра для хранения и специальной упаковки товаров в данном регионе.
▪️ Стороны обсудили вопросы эффективного использования географического положения и транзитного потенциала Туркестанской области, а также развитие транспортно-логистической инфраструктуры.
▪️ Аким области подчеркнул готовность руководства региона оказывать всестороннюю поддержку инвесторам, отметив, что такие крупные проекты придадут импульс развитию экономики региона.
▪️ По итогам встречи достигнута договоренность о конкретизации проекта и продолжении дальнейшего сотрудничества.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1152566?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді