Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА «ЖАС ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ
📍Түркістандағы «Конгресс-холл» кешенінде Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен облыс әкімдігі, полиция департаментінің қолдауымен Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Оған білім беру саласының 1000-нан астам өкілі мен мектеп психологтары, аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары, құқық қорғау саласының өкілдері қатысты.
▪️Форумда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Заппаров, Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов бала құқығын қорғау, өскелең ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру бойынша мазмұнды баяндамалар жасады. Облыс әкімі бала қауіпсідігі – ең үлкен құндылық екеніне тоқталды.
📌– Жуырда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балалар мен жастарды қолдау мәселесіне тағы да тоқталды. «Біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз» деді Мемлекет басшысы. Бұл – біз үшін бағыт-бағдар ғана емес үлкен жауапкершілік. Біздің өңірде 900 мыңнан астам бала өсіп келеді. Әрқайсысы – бір отбасының үміті, бір елдің келешегі. Сондықтан баланы қорғау ата-ана, мектеп, медицина, полиция, прокуратура, қоғам болып жұмылатын ортақ міндет болуға тиіс. Сондықтан біз нақты қадамдарға көштік. Өңірде психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі инфрақұрылым қалыптаса бастады. Психологиялық қолдау орталығы ашылды, барлық білім беру ұйымдарына «111-QR қызметі» енгізілді. Педагог-психологтардың кәсіби әлеуетін көтеруді басымдыққа айналдырдық: 2024-2025 жылдары 2000-нан астам маман біліктілік арттырды. Баланың ең жақын әлемі – отбасы. Ата-аналар баласының психологиялық күйіне, өмір қауіпсіздігіне, мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамауға тиіс. Бұл бағытта ведомствоаралық жұмысты жандандыруымыз қажет. Баланың толыққанды даму үшін спорттық, шығармашылық, мәдени үйірмелердің қолжетімділігін арттыра түсеміз. Бүгін ортаға салынған ұсыныстар нақты іске айналып, әр баланың өмірінде оң өзгеріс әкелуге тиіс. Балаларымыз өздерін қауіпсіз сезінетін, еркін дамитын орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ парызымыз, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Аталған іс-шара жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қорғау, суицидтің алдын алу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында тәжірибе мен тиімді тәсілдер алмасуға арналған маңызды алаңға айналды. Білікті спикерлер облыстың барлық аудан, қаласынан жиналған мектеп психологтарына біліктілігін арттыратын кеңестер берді.
▪️Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев өз сөзінде «Балалар – қоғамның ең үлкен байлығы. Құқық қорғау органдарының мақсаты – әрбір өреннің қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруіне кепілдік беру. Қоғамда қатігездік емес, мейірім мен өзара қолдау үстемдік құруға тиіс» екенін атап өтті.
▪️Іс-шара аясында облыс әкімі мен прокуроры үздік 10 мектеп психологын алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЕЛ ФОРУМ «ЖАС ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
📍 В комплексе «Конгресс-холл» города Туркестана, по инициативе прокуратуры области и при поддержке акимата и департамента полиции, прошел форум «Жас ұрпақ – ел болашағы» («Молодое поколение – будущее страны»). В нем приняло участие более 1000 представителей сферы образования, школьные психологи, акимы районов и городов, их заместители, а также представители правоохранительных органов.
▪️ С докладами о защите прав детей и создании благоприятной среды для подрастающего поколения выступили аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, прокурор области Мурат Тлеубердиев, начальник департамента полиции Арыстангали Заппаров и вице-министр просвещения Асылбек Ахметжанов. Аким области подчеркнул, что безопасность ребенка – это высшая ценность.
📌 – На недавнем заседании Национального курултая в Кызылорде Президент Касым-Жомарт Токаев вновь затронул вопросы поддержки молодежи. «Мы всегда будем оказывать всестороннюю поддержку подрастающему поколению», – сказал Глава государства. Для нас это не просто ориентир, а огромная ответственность, ведь в нашем регионе растет более 900 тысяч детей. Защита ребенка должна стать общей задачей родителей, школы, медицины и правоохранительных органов. Мы перешли к конкретным шагам: внедрена система 111-QR, открыт Центр психологической поддержки, в 2024-2025 годах более 2000 педагогов-психологов повысили квалификацию. Семья – это самый близкий мир для ребенка, и родители не должны быть равнодушными к его психологическому состоянию, – отметил Нуралхан Кушеров.
▪️ Форум стал площадкой для обмена опытом в сфере защиты психологического здоровья подростков, профилактики суицидов и создания безопасной среды в школах. Квалифицированные спикеры дали практические советы психологам, приехавшим со всех районов области.
▪️ Прокурор области Мурат Тлеубердиев отметил: «Дети – главное богатство общества. Цель правоохранительных органов – гарантировать безопасность каждого ребенка».
▪️ В завершение мероприятия аким и прокурор области наградили 10 лучших школьных психологов благодарственными письмами и ценными подарками.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1152564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді