
Павлодар облысының жаңашыл ұстаздары елорда төрінде өткен республикалық педагогикалық “Teacher’s Hackathon” алаңында өзара тәжірибе алмасып, тың бастамаларын ортаға салды.
Павлодар облысының ұстаздары да өңір намысын абыроймен қорғап, білім кеңістігіндегі өзекті мәселелерге батыл ой ұсынды.
Хакатонның басты мақсаты – бүгінгі білім беру жүйесінде қордаланған мәселелерге нақты ұсыныстар мен өміршең шешімдер әзірлеу.
Екі күн бойы қатысушылар командалық форматта жұмыс істеп, заманауи педагогикалық идеялар мен тиімді білім беру технологияларын тоғыстырды.
Іс-шараға еңбек өтілі бес жылға дейінгі 76 жас педагог қатысты. Әрбір команда ұсынған жоба – жас ұстаздың жүрек түкпірінен шыққан, тәжірибемен шыңдалған тың ізденістің жемісі.
Жүлделі орындар:
- 2 орын – «AI – даһарлар» командасының мүшесі, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұстазы Адамов Ильяс Булатович;
- 3 орын – «Daryn» командасы, оның құрамындағы Екібастұз қаласындағы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі Сайлаухан Нурназ.
Грамотамен марапатталғандар:
- Павлодар қаласындағы №3 гимназияның мұғалімі Серік Мархабат («AI – Sana» командасы);
- «Жеңіс формуласы» командасы (Абай атындағы гимназия);
- Павлодар қаласындағы №8 лицейдің ұстазы Солодовникова Яна («Жеңіс формуласы»);
- Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның мұғалімі Жақсылықов Жаслан («Жеңіс формуласы»);
- Аманбеков Ерасыл – Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат өкілі («T-Prime» командасы);

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1152604?lang=kk

Жауап қалдыру