🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ – ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Кеше Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ҚР ЕжХӘҚМ “Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты” ШЖҚ РМК-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы және «Ламега» ЖШС-мен бірлескен жұмыс берушілердің кәсіптік тәуекелдерді бағалау және өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруда орын алуы мүмкін мәсәлелердің алдын алу мақсатында қызметтерді көрсететін мамандандырылған ұйым ретінде өзара тәжірибемен алмасу іс-шарасы өткізілді.
 
🔹 Іс-шараға Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы мен бөлімнің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы, “Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты” ШЖҚ РМК-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының және «Ламега» ЖШС-нің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
 
🔹 Аталған іс-шараның басты мақсаты: кәсіптік тәуекелдерді бағалау, өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаңғырту бойынша сараптамалық-талдамалық қызметтер көрсету, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталды.
 
🔹 Іс-шара барысында жұмыс орындарындағы қауіпті факторларды анықтау, профилактикалық (алдын алу) шараларын жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді қауіпсіздеу түрлеріне кезең-кезеңімен ауыстыру тәжірибелері қарастырылды.
 
🔹 Қатысушылар еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудің тиімді тетіктері, тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдері және жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті.
 
🔹 Іс-шара қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибені кеңінен енгізу және жұмыс берушілер арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттілігі атап өтілді.
 
🔹 Сонымен қатар, ұйым тарапынан кәсіптік тәуекелге бағалау жүргізу және өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыс берушілерде жүргізілген жұмыстар туралы Департаментке ақпарат беру келісілді. Мұндай кездесулер өзара ынтымақтастықты нығайтып, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1153532?lang=kk