2026 жылғы 27 қаңтарда аудандық мәслихат төрағасы Н.Б. Рахимовтың төрағалығымен Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 қаңтарда аудандық мәслихат төрағасы Н.Б. Рахимовтың төрағалығымен Атбасар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы, аудан әкімі Қ. г. Әлімжановтың қатысуымен өтті.

Сессия жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелері А. Ж. Рыскелдин, Ә. Д. Серікпаев, Р. А. Зарахов, Б. Ш. Қожаев, Ж. Б. Сексенбаева қатысты.

  Сессияның күн тәртібіндегі басты мәселе – Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту.

Сондай-ақ, Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды, шығып қалғандардың орнына ауданның учаскелік және округтік сайлау комиссияларының жаңа мүшелері сайланды.

Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық тармақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atbasar/press/news/details/1153616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді