Абай облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен актив жиналысы өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жиынға басқарма басшылары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық мәслихат пен қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қосылды.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформа елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи қадам екені атап өтілді. Реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға, қоғамдық қатынастарды жаңаша реттеуге бағытталған.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1153485?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді