Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі бойынша құқықтық жалпы оқыту өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлеріне, әкімшілік құқық бұзушылық істерін қозғау және қарау өкілеттігі бар мамандарға арналған құқықтық жалпы оқыту өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі №85 бұйрығының талаптары, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің қолданыстағы нормаларына сәйкес Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі жан-жақты қарастырылды. Әкімшілік процесті цифрландыру мәселелеріне, құқық бұзушылықты тіркеудің дұрыстығына, іс жүргізу тіліне, өтінішхаттарды қарау тәртібіне, әкімшілік істерді жүргізу нысандарына және электрондық материалдарды қалыптастыру талаптарына ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу кезінде лауазымды тұлғалардың міндеттері, жүйенің жария секторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дәлдігі және уақтылығына байланысты жеке жауапкершілік түсіндірілді. Аталған құқықтық оқыту қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, әкімшілік іс жүргізудің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1153546?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді