Әлеуметтік саясат – жаңа Конституция жобасының назарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

               Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына енгізілетін негізгі өзгерістерді талқылауға арналған онлайн-кеңес өтті.

               Іс-шараға әлеуметтік әріптестер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Министрліктің Қоғамдық және Үйлестіру кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ аумақтық департаменттер қатысты.

               Кеңес барысында Министр жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталғанын және адамның құқықтары мен әл-ауқатын басты орынға қоятын әлеуметтік жауапты мемлекет моделін қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік саясаттың мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарының бірі ретіндегі рөліне, азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

               Аталған онлайн-кеңеске Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаменті қатысты. Павлодар облысынан Департамент басшысы Капанов А. және департамент қызметкерлері қатысты.

               Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ халық пен еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1154041?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді