Аналарға құрмет – тәтті сыймен

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аналарға құрмет – тәтті сыймен
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында «Тәп-Тәтті Тараз» кондитерлік желісі жаңа босанған аналарға арнайы тәтті сыйлықтар табыстады.
Игі шара аналардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, ана мен балаға деген қамқорлықты арттыруды көздеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сыйлықтар – аналарға көрсетілген алғыстың және құрметтің белгісі.
Аталған медициналық мекемеге күн сайын орта есеппен 22–25 жүкті әйел қабылданады. Соның ішінде 15–20 ана сәбилерін дүниеге әкеледі. Перинаталдық орталықтан қолдарына нәрестесін ұстап шығарылған аналарға аталған тосын сый қуаныш сыйлады.
Айта кетейік, «Тәп-Тәтті Тараз» бұған дейін де қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларымен танылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1154153?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді