
Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтёрлер форумында сөйлеген сөзінде атап өтті.
Қарағанды облысының делегациясы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді әрі бейжай қарамайтын азаматтарды біріктірген Волонтёрлер форумына қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде волонтёрлік қозғалыстың қоғамдық бірлікті нығайтудағы, әлеуметтік жауапкершілікті арттырудағы және жасампаздық мәдениетін қалыптастырудағы айрықша рөліне тоқталды.
Волонтёрліктің маңызы халықаралық деңгейде де мойындалуда. Қазақстан Республикасының бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтёрлер жылы деп жариялады. Бұл шешім еліміздің еріктілер қозғалысын дамытуға және ынтымақ, өзара қолдау мен азаматтық белсенділік құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесінің айқын дәлелі болып табылады.
Форумға қатысу — волонтёрліктің бір реттік көмек емес, қоғамның орнықты дамуына бағытталған саналы таңдау әрі әр азаматтың нақты үлесі екенін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай бастамалар арқылы елдің бүгіні мен болашағына жауапкершілікпен қарайтын, белсенді әрі немқұрайлы емес жас ұрпақ қалыптасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1153384?lang=kk

Жауап қалдыру