Ауылшаруашылығының дамуы – экономика өзегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданда ауылшаруашылығы жақсы дамыған. 2025 жылы аудан бойынша барлығы 35 188 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 7300 гектарды құрады.
Атап айтар болсақ, 7 300 гектар күріштен 41 911 тонна, 3911 гектар күздік бидайдан 6011 тонна, 104 гектар тарыдан 395 тонна, 2174 гектар мақсарыдан 3452 тонна, 207 гектар картоптан 1216 тонна, 362 гектар көкөністен 11296 тонна, 1374 гектар бақшадан 47793 тонна, 1 178 гектар дәндік жүгеріден 8 453 тонна өнім алынды.
Былтырғы жылы аудандағы су тапшылығының алдын алу мақсатында ауданның шұғыл шығындарға арналған резервінен 29 млн. теңге бөлініп, 8 ауылдық округтегі жалпы ұзындығы 43 шақырымды құрайтын 17 канал тазаланды.
Сонымен қатар, «Қазсушар» мекемесі арқылы Тайпақкөл каналының 3 шақырымы және Келінтөбе магистралды каналының бастауындағы 1,4 шақырымы тазаланды.
Биылғы жылы да көктемгі егіске дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 52,6 км құрайтын 29 каналды тазалау жоспарлануда. Жақын күндері аталған жұмыстар басталады.
Сондай-ақ, «Қазсушар» мекемесі арқылы Келінтөбе магистралды каналының бас сағасы мен Қандөз ауылы аралығындағы 12 шақырымына және Қожакент пен Ақжол ауылдары аралығындағы 16 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 411 гектар жер жаңадан ашылып, 845 отбасы өздеріне қажетті көкөніс, бақша дақылдарын екті.
Сунақата ауылдық округіндегі «Әмір» шаруа қожалығы 14 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын қолданып, бақша-көкөніс дақылдарын ексе, жалпы аудан бойынша 100 гектарға жуық алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілді.
Осыған дейін күріш егілетін танаптардан 4 000 гектары лазерлі тегістеуден өткізілсе, биылғы жылы барлық күріш егілетін егістіктер лазерлі тегістеуден өткізілетін болады.
Былтыр аудандағы ауылшаруашылығы құрылымдары жалпы құны 551 млн. теңге болатын 21 техника сатып алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1154100?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді