Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты Сарыкемер ауылы №8 өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күніне Байзақ ауданы Амангелді орта мектебінің оқушылары қатысты. Қатысушыларға өрт сөндіру техникалары мен жабдықтары көрсетіліп, арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндірушілердің арнайы киімдерімен, құрал-саймандарымен, өрт сөндіру автокөліктерімен танысып, олардың қызметі мен жұмыс істеу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат алды.
Жауап қалдыру