Балалар тағамының қауіпсіздігі – санитариялық қызметтің тұрақты бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалар тағамының сапасы мен қауіпсіздігі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының тұрақты назарында екенін хабарлайды.
Баланың денсаулығы күнделікті тұтынатын тағамының сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Балаларға арналған тағам техникалық регламенттердің талаптарына толық сай болуы және міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Бұл ретте өнімнің құрамы, өндіріс жағдайы, таңбалануы мен санитариялық нормалардың сақталуына ерекше көңіл бөлінеді.
Осыған байланысты, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Nestlé Food Kazakhstan» компаниясы құрғақ сүт қоспаларының, қышқыл сүтті, лактозасыз қоспалардың, сондай-ақ аминқышқылдары негізіндегі арнайы емдік диеталық тағамдардың шектеулі түрлерін ерікті түрде кері қайтарып жатқанын хабарлаймыз. Бұл шешім өндірісте пайдаланылған сыртқы жеткізушіден алынған өсімдік майының бір түрінде церелид токсинінің болуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты қабылданған.
Аталған заттың өнім құрамындағы үлесі өте аз болғанына және Қазақстан Республикасының заңнамасында оның тағам өнімдеріндегі шекті мөлшеріне қатысты нормативтік көрсеткіштердің белгіленбегеніне қарамастан, өндіруші жауапкершілік танытып, өнімді ерікті түрде кері қайтару туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта халық денсаулығына зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ, тұтынушылардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Компания кері қайтарылған өнімнің құнын өтеп береді. Қайтаруға жататын партиялардың тізімі мен өтемақы алу шарттары туралы толық ақпарат nestlebaby.kz ресми сайтында орналастырылған.
Департамент ата-аналарды балалар тағамын таңдауда мұқият болуға, сондай-ақ өндірушілер мен уәкілетті органдар тарататын ресми ақпаратты назарда ұстауға шақырады. Қауіпсіз өнім – бала денсаулығының берік кепілі.
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1153597?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді