
|
2025 жылғы 25 сәуірде Бесқарағай колледжінде «СОЦKZ» қоғамдық қоры студенттермен ақпараттық кездесу ұйымдастырды. Жұмыс тобының құрамына Абай облысы полиция департаментінің, экономикалық тергеу департаментінің, наркологиялық қызметтің және Абай облысы бойынша АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының өкілдері кірді. Мамандар студенттермен түрлі тәуелділіктердің, соның ішінде нашақорлық, лудомания және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша әңгіме жүргізді. Кездесу барысында сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, өңірдегі наркологиялық ахуалға қатысты өзекті статистикалық деректерді ұсынды. Сондай-ақ, жастарға тәуелділікке апаратын қауіптер, олардың салдары және алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті әрі нақты жауаптар алды. |

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1153567?lang=kk

Жауап қалдыру