
Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға және түсіндіруге арналған жиын өтті.
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарда құрамына 130 адам енген Конституциялық комиссия құрылды. Осы уақыт ішінде комиссия мүшелері Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі барлық ұсынысты мұқият зерделеп, Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайтын 77 бапты қамтитын түзетулерді қарастырды. Жұмыс барысында комиссия Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясын әзірлеуді қолдады. Сонымен қатар, реформалар жөніндегі Конституциялық комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады. Жоба 11 бөлім мен 95 баптан тұрады.
Жиын барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, басты құжат мемлекеттің адамға бағдарлану сипатын күшейтуді, Қазақстан халқына тән негізгі құндылықтар мен қағидаттарды айқындауды, саяси институттар жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейтіні айтылды.
Сондай-ақ конституциялық өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын халық арасында жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі конституциялық өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға және ашық әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді.
Ақпараттық медиа орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1153854?lang=kk

Жауап қалдыру