
Бұзылық ауылының жергілікті қауымдастық мүшелерімен интернет алаяқтық, өрт қауіпсіздігі, ауыл экономикасы мен дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Талқылау барысында ауылдың экономикасы мен одан әрі дамуына ерекше назар аударылды. Экономикалық өсудің негізгі бағыттары қарастырылды: ауыл шаруашылығын және шағын кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, жұмыспен қамтуды арттыру, сондай-ақ ауылдың тұрақты және ұзақ мерзімді дамуына бағытталған жергілікті бастамаларды қолдау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-buzylyk/press/news/details/1153537?lang=kk

Жауап қалдыру