
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының толық құрамының қатысуымен сайлау жұмыстарына қатысты тәжірибелік кейстерді талқылауға арналған арнайы басқосу өткізілді.
Басқосудың негізгі мақсаты – сайлау науқандары барысында туындауы мүмкін нақты жағдайларды алдын ала зерделеу, оларды Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы аясында дұрыс әрі уақтылы шешу жолдарын қарастыру, сондай-ақ комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру болды.
Кездесу барысында сайлау процесінде жиі кездесетін тәжірибелік мысалдар ұсынылып, әр кейс бойынша заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау тетіктері талқыланды. Комиссия мүшелері өзара пікір алмасып, заң нормаларын қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сайлаушылардың құқықтарын қорғау, комиссия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай тәжірибелік форматтағы кездесулер аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сайлау процесін жоғары деңгейде, заң талаптарына толық сай ұйымдастыруға оң ықпал етеді.
Аталған басқосу Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтудің маңызды бөлігі болып, сайлау институтының дамуына және демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тағылымды шаралардың бірі ретінде өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inder/press/news/details/1153822?lang=kk

Жауап қалдыру