
Жаңақорған кентінде “Жеңіс паркі” қайта жаңғыртылып, 4 балалар ойын алаңқайы және Ы.Алтынсарин көшесінде жаңа аллея салынды. Сонымен қатар, Ақжол ауылында аллея, ал Қосүйеңкі, Қожамберді, Манап ауылдарында саябақтар мен балалар ойын алаңқайлары пайдалануға берілді.
Темір жол бойында орналасқан елді мекеннің негізгі қақпасы саналатын, ауданның бет – бейнесі көрінетін теміржол вокзалы екені сөзсіз.
Осы орайда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы басшылығына жасаған тікелей ұсынысына сәйкес Жаңақорған темір жол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеуден кейін барлық стандарттарға сәйкес келетін, жолаушыларға сапалы қызмет көрсететін, кентімізге әдемі көрік беретін ғимарат болады.
Жаңақорған кенті арқылы өтетін республикалық темір жолдың бөлігі 1906 жылы пайдалануға берілген. Кент ішіндегі осы темір жол астынан өтетін өткелге демеушілікпен 30 млн теңгеге заманауи дизайнмен, соңғы үлгідегі құрылыс материалдары қолданылып, күрделі жөндеу жүргізіліп, айналасы жарықтандырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1154091?lang=kk

Жауап қалдыру