Электрондық цифрлық қолтаңбаны медициналық қызметті растау үшін пайдалану нормасы 2021 жылдан бастап қолданыста – денсаулық сақтау министрлігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық қызметкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдануға қатысты сұрақтарына жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі бұл талап жаңалық емес екенін, ол ведомствоның нормативтік-құқықтық актілерінде 2021 жылдан бері бекітілгенін хабарлайды.

ЭЦҚ-ны электрондық медициналық құжаттарды жүргізу кезінде пайдалану мемлекеттік медициналық қызмет көрсетілгенін растауға бағытталған.
ЭЦҚ пайдалану – науқас пен дәрігерді қорғайтын құрал, медициналық жазбалардың ашықтығын қамтамасыз етеді және жалған мәліметтерді енгізу тәуекелдерін болдырмайды.

Алайда қазіргі ЭЦҚ растау алгоритмі кейбір медициналық қызметкерлер үшін ыңғайсыз болып, әр қызметтен кейін растауды талап етеді. Осыған байланысты министрлік жүйені оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні дәрігерлердің әкімшілік жүктемесін азайту мақсатында министрлік ЭЦҚ-ны барынша жеңіл форматта пайдалануға мүмкіндік беретін шешімдерді енгізуде – көрсетілген қызметті «бір рет басу арқылы» растау, қайталама әрекеттер мен артық операцияларсыз.

Сондай-ақ ЭЦҚ енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта тиісті техникалық шешімдерді жетілдіру және интеграциялау жұмыстары жалғасуда.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі барлық медициналық жазбаларды 1 ақпан 2026 жылдан бастап міндетті түрде ЭЦҚ арқылы қол қою талап етілмейтінін хабарлайды.

Кезең-кезеңімен енгізу тәсілі медициналық практикада цифрлық құралдардың дұрыс және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1153593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді