КЕНТАУДА ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМ ӨНДІРІСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕНТАУДА ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМ ӨНДІРІСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ
 
Кентау қаласында шағын кәсіпкерлік саласы жаңа серпін алып келеді. Соның бір айқын үлгісі- «Жартылай дайын тағамдарды әзірлеу» бағыты. Осы салада өз кәсібін дөңгелетіп отырған, мемлекеттен қайтарымсыз грант иеленген кәсіпкер Дана Бейсенбаева.
Бүгінде кәсіпкердің цехында күнделікті жаңа дайындалатын, сапалы жартылай дайын өнімдердің 30-дан астам түрі шығарылады. Өнімдер Кентау қаласын ғана емес, оған қарасты ауылдар мен Түркістан қаласына да тасмалдап отыр.
Қазіргі таңда өндіріс орнында 20-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дайындалған өнімдер балғын күйінде тұтынушыларға жеткізіліп, сұранысқа сай әртүрлі ассортиментте ұсынылады.
Кәсіпкердің айтуынша, бұл кәсіппен айналысып келе жатқанына 10 жылға жуық уақыт болған. Негізгі мамандығы – тіс дәрігері. Декреттік демалыс кезеңінде уақытты тиімді пайдалану мақсатында үй жағдайында осы істі бастаған. Өнімге деген сұраныстың артуына байланысты ол өз ісін шағын кәсіп ретінде бастап, кәсібін одан әрі кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз грантты тиімді пайдаланып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, өндіріс көлемін арттырған.
Осындай шағын кәсіп иелері -мемлекет қолдауының арқасында дамып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған, әрі өңір экономикасының дамуына өз үлесін қосып жатқан табысты кәсіптің бір көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1153473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді