Конституцияның жаңа жобасын талқылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн форматтағы жиын өтті. Басқосуда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев  баяндама жасады.

Кездесу барысында Министр жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ, құжаттың әлеуметтік-еңбек саласына қатысты маңызды тұстарына да тоқталды.

Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы О.Г. Кузовлева,  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Қ. Қизатов, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының м.а. Н.В. Литке, аталған департаменттердің ұжымы қатысты.

Жиын аяқталған соң Б.Қ. Қизатов, О.Г. Кузовлева және Н.В. Литке жаңа Конституция жобасының маңыздылығын айта отырып, қызметкерлерді түсіндіру жұмыстарына қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1153882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді