Май ауданында білім сапасын арттыруға бағытталған семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Май ауданында білім беру сапасын арттыруға бағытталған «Тиімді сабақ – сапалы білім кепілі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аталған семинарға мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, математика және физика пәні мұғалімдері, бастауыш сынып ұстаздары, сондай-ақ жас мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар барысында заманауи білім беру талаптарына сай оқыту әдістерін жетілдіру, сабақ тиімділігін арттыру жолдары кеңінен қарастырылды.

Атап айтқанда, білім сапасын арттыруға бағытталған көрнекі құралдар мен ROQED бағдарламасын оқу үдерісінде қолдану тәжірибелері таныстырылып, олардың сабақтағы тиімділігі көрсетілді.

Іс-шара аясында 2, 4 және 9-сыныптарда ашық сабақтар өткізіліп, үлгі сабақтар арқылы жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілді. Бұл жас мамандар үшін тәжірибе жинақтауға, кәсіби шеберлігін арттыруға зор мүмкіндік болды.

Оқу ісі меңгерушілеріне арналған арнайы алаңда сабақ жоспарының құрылымы, білім сапасын арттыруға бағытталған іс-тәжірибелер мен басқару тетіктері талқыланды. Қатысушылар өз мектептерінде қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдермен танысты.

Сонымен қатар мұғалімдерге арналған коучингтер мен шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «ЖИ-ді математикада тиімді қолдану», «Ғылыми жобалар конкурсына қадам: идеядан қорғауға дейін» тақырыптарында өткен сессиялар педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды меңгеруіне жол ашты.

Семинар соңында «Тиімді сабақ: мұғалімдерге арналған нақты қадамдар» тақырыбында қорытынды коучинг өткізіліп, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен толықтыруға және сапалы білімге қадам жасауға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1154027?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді