
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың және өзге де заң бұзушылықтардың, соның ішінде мал ұрлығының алдын алу мақсатында Бестамақ ауылдық округі әкімі халықпен және шаруа қожалық басшыларымен кездесу өткізіп, мал ұрлығының алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қаралған мәселелер:
- мал ұрлығының алдын алу шаралары;
- ауылға кіре беріс жолға малдың макетін орнату;
- жол бойындағы ашық жерлерге малдың өтуіне жол бермеу мақсатында тікенсымдар орнату;
- малды қараусыз қалдырмау және жайылымдарды бақылауды күшейту;
– құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1154058?lang=kk

Жауап қалдыру