
Жылыту маусымында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Сарымолдаев және Жаңатоған ауылдық округтерінде тұрғындар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыста қолданылатын пештерді, электр жылытқыштарын және газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндірілді. Қыс мезгілінде жылу көздерін пайдалану көлемінің артуы өрт шығу қаупін күшейтетіні атап өтіліп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар тұрғындарға өрттің негізгі себептері, тұрмыстық қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел қызметтердің «112» нөміріне хабарласу тәртібі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1153804?lang=kk

Жауап қалдыру