
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Талғат Каюповтың төрағалығымен қызылша ауруының таралуының алдын алу мәселесіне арналған штаб отырысы өтті.
Отырысқа Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова қатысып, облыстағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасады.
Баяндама барысында облыс аумағында қызылшаға күдікті 29 жағдай тіркеліп, оның 25-і зертханалық жолмен расталғаны айтылды.
Қызылшаға қарсы эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту мақсатында келесі ұсыныстар берілді:
-
аурудың таралуын тұрақтандыру үшін 1 және 6 жастағы нысаналы жас топтарындағы балаларды қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы профилактикалық егулермен оңтайлы деңгейде қамту;
-
вакцинацияның тиімділігі мен пайдасы, сондай-ақ алдын алуға болатын аурулар туралы халықпен кездесулер ұйымдастыру;
-
вакцинациялауға негізсіз медициналық қарсы көрсетілімдерге жол бермеу;
-
қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, вакцинациядан бас тартқан азаматтармен жеке жұмыс жүргізу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1153721?lang=kk

Жауап қалдыру