Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім мен инвестициялық белсенділік артты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртараптандыру және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде 2025 жылы негізгі салалардың тұрақты өсуі қамтамасыз етілді.

Қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өсімі 6,4%-ды құрады, оған жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту және бүкіл ел бойынша ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ықпал етті.

Өңдеу өнеркәсібінің көптеген секторларында оң динамика тіркелді. Ең жоғары өсу қарқынын машина жасау (+12,9%), химия өнеркәсібі (+9,8%), құрылыс материалдарын өндіру (+9,7%), дайын металл бұйымдарын өндіру (+13,6%) және жеңіл өнеркәсіп (+13,2%) көрсетті. Өсім металлургияда (+1,2%) және резеңке мен пластмасса бұйымдар сегментінде (+7,6%), қағазда (+5,3%) байқалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1153456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді