ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
 
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті бөлімдердің есептік жиыны өтті.
Жиын барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі, сондай-ақ қалалық ішкі саясат бөлім басшыларының 2025 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарланған іс-шаралары туралы есептері тыңдалды.
Баяндамаларда салалар бойынша атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер, сондай-ақ алдағы кезеңге қойылған мақсат-міндеттер жан-жақты баяндалды.
Қала әкімі әр бағыт бойынша нақты ұсыныстар мен ескертулер білдіріп, жұмыстардың сапасын арттыру, тұрғындармен кері байланысты күшейту, бұқаралық спортты дамыту, мәдени-рухани және идеологиялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын қорытындысы бойынша белгіленген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1153512?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді