Қостанай облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының, сондай-ақ Қостанай облыстық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің бірлескен отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Қостанай облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының, сондай-ақ Қостанай облыстық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің бірлескен отырысы өтті. Облыс қалалары мен аудандарының Қоғамдық кеңестерінің депутаттары мен мүшелері бейнеконференция арқылы қатысты. Күн тәртібінде – 31 қаңтарда Конституциялық комиссия жариялаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау болды.    

Облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов Конституциялық комиссиядағы жұмыс барысы туралы баяндап, жобадағы негізгі өзгерістер мен басты басымдықтарды атап өтті.

Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Бектұрғанов конституциялық реформалар процесіне және ұсынылған нормаларды қоғамдық талқылауға азаматтық қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

Отырысқа қатысушылар пікір алмасып, өңір үшін өзекті мәселелерді айқындады және конституциялық реформаларды түсіндіру мен жүзеге асырудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1153741?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді