Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен арт-терапиялық бағыттағы «Психологиялық иммунитет: әйел қызметкердің күш-қуатын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Іс-шараның тренинг менторы полиция подполковнигі Мырзахметова Сандуғаш Ертайқызы болды.

Семинардың мақсаты – ішкі істер органдарындағы әйел қызметкерлердің психологиялық иммунитетін нығайту, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және кәсіби күйзелістің алдын алу. Сонымен қатар қатысушылардың ішкі ресурстарын анықтау мен күшейту, эмоциялық шиеленісті төмендету, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау дағдыларын дамытуға басымдық берілді.

Іс-шара барысында арт-терапиялық әдістер қолданылып, әйел қызметкерлердің эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, ішкі әлеуетін ашуға және психологиялық серпіліс алуға бағытталған практикалық жаттығулар өткізілді.

Аталған семинар департаменттегі әйел қызметкерлердің кәсіби қызметіне психологиялық қолдау көрсетуге, ұжымдағы жалпы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1153729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді