
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ аула аумақтарында және көпқабатты тұрғын үйлерде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
⚜️Түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға қоғамдық орындарда және тұрғын үй аулаларында құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу, бөтен адамдарға сақ болу, күдікті жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлау қажеттігі түсіндірілуде. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, ата-аналарға кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрмеуін қамтамасыз ету жөнінде ескертулер жасалуда.
⚜️Іс-шара шеңберінде аула аумақтарын жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату, подъездер мен жертөлелердің құлыптарының жарамдылығын қадағалау мәселелері де тұрғындармен талқылануда. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақыруда.
⚜️Аталған түсіндіру жұмыстары тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ
https://www.instagram.com/reel/DUPcMRolAae/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1153167?lang=kk

Жауап қалдыру