
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1, 5-тармақтарына және 11-бабы 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:
– «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының 2026-20230 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/210-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;
– «Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 590 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1153185?lang=kk

Жауап қалдыру