Шу ауданында оқушыларға кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері С. Сейфуллин атындағы орта мектепте 10–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында болашақ түлектерге Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Азаматтық қорғау саласындағы қызметтің маңыздылығы, құтқарушы мамандығының жоғары жауапкершілігі мен қоғам үшін маңызы атап өтілді. Іс-шара барысында академияда білім алушылардың курсант мәртебесіне ие болатыны, оқу кезеңіндегі әскери тәртіп, күн тәртібі, оқу-жаттығу процесі және әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейін түлектердің төтенше жағдайлар органдарына қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы мәлімет беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1153893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді