Вакцина – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде қызылша мен көкжөтелге қарсы жасалған вакцинация тиімділігін көрсетті. Өткен жылы аталған жұқпалы аурулардың көрсеткіші едәуір төмендеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстың бас санитар дәрігері Райхан Қойшанова мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. ”Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырып, санитариялық-эпидеиологилық ережелерге сүйене отырып салауатты өмір-салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керектегіне баса назар аударды. 2025 жылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жұқпалы аурулардың 102 нозологиясына мониторинг жүргізіп, жұқпалы аурулардың 45 нозологиясы бойынша ауру тіркелмегенін, 27 нозология бойынша аурушаңдықтың төмендегенін анықтады. Ақтөбе облысы аумағында аса қауіпті індеттер тіркелген жоқ. Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Әсіресе қызылша мен көкжөтелге қарсы жаппай вакцинациялау оң нәтижесін берді. Былтыр қызылша 32 жағдайға дейін, көкжөтел 7 есеге дейін азайды” – деді Райхан Қойшанова. Өңірдің бас санитар дәрігері қызылшаның алдын алуға бағытталған шаралар қазір де белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті және аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцина екенін еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-araltogay/press/news/details/1153857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді