
Қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы аумағында «Қызметтік қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 2–14 ақпан және 2–20 наурыз аралығында екі кезеңде ұйымдастырылуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұйымдардың қызметтік қаруы мен оған тиесілі патрондарды сатып алу, сақтау, алып жүру, есепке алу, беру және пайдалану кезінде заңнама талаптарының сақталуын тексеру.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында қызметтік қарудың заңсыз айналымының алдын алу, қауіпсіздік талаптарын күшейту және қару қолдану саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1153763?lang=kk

Жауап қалдыру