Жақсы ауданында көпір қалпына келтірілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңақима ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ су тасқыны кезеңінің ықтимал салдарын болдырмау және елді мекен тұрғындары үшін қатынастың үздіксіздігін сақтау мақсатында көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қима – Терсақан автомобиль жолындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстарын мердігер ұйым 2025 жылдың желтоқсан айында бастаған, сонымен қатар өзен арнасын тазалау жұмыстары да атқарылуда. Сонымен қатар жаңа көпір салу жұмыстары қатар жүргізілетін болады.

«Жұмыстар белгіленген техникалық және құрылыс нормаларын сақтай отырып, жоспарлы режимде жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстарының барысы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», – деп хабарлады Жақсы ауданының әкімдігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1154130?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді