Жастарға бағыт-бағдар: қауіпсіз болу – өз қолыңда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласының жоғары сынып оқушыларына арналған қауіпсіздік, жауапкершілік және өмірлік құндылықтар мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Ашық форматтағы әңгімеге 11-сынып оқушылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, психолог-мамандар және қаланың білім беру жүйесінің басшылығы қатысты.

Оқушылармен қала прокурорының орынбасары Т.Т.Бектасов, Екібастұз қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция майоры М. Ж. Бейсенов, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің басшысы Л. А. Дисюпова кездесті.

Жоғары сынып оқушыларына қауіпсіз мінез-құлық, жеке жауапкершілік, құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу қаупі және қиын жағдайларда дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы түсіндірілді.

Жеке әңгіме өмірдің құндылығы, мазасыздықты жеңе білу және күрделі өмірлік сәттерде психологиялық тұрақтылықты сақтау тақырыбына арналды. Бұл мәселені «Қайнар» ББК жанындағы психологиялық қолдау өңірлік орталығының психологы Г. М.Сейсова ашып көрсетті.

Мұндай кездесулер жасөспірімдермен сенімді диалог орнатуға көмектесіп, балаларды қолдау мен деструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1153247?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді