
Ағымдағы жылы 28 қаңтарда Ұлан ауданы бойынша 2025 жылы “AMANAT” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының орындалу барысын талқылауға арналған фракцияның отырысы өтті.
Оған аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуде атқарылған жұмыстың нәтижелері, қол жеткізілген көрсеткіштер, “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасын және ауданның дамуына бағытталған басым жолдарды жүзеге асыру бойынша негізгі қадамдар талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulanmaslikhat/press/news/details/1153652?lang=kk

Жауап қалдыру