
2026 жылы 30 қаңтарда департамент басшысының орынбасары А. Токтабаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 336/2020 бұйрығына 2025 жылы 18 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық – эпидемиологиялық қорытындыны беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын түсіндіруге арналған, жоспардан тыс жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Ж. Кабасова, бас маманы А. Баимолдина, сондай – ақ Департаменттің аумақтық басқармаларының басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Кеңес барысында өзекті мәселелелр талқыланып, қойылған сұрақтар бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1153604?lang=kk

Жауап қалдыру