
2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.М. Ертаев пен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы М.М. Ахметов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Әлеуметтік диалог орталығының ашылуына қатысты. Аталған орталық өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылауға, сарапшылар пікір алмасуына және өңірлік әрі республикалық деңгейде сұранысқа ие ұсыныстар әзірлеуге арналған алаң болып табылады.
Орталықтың ашылуынан кейін оның алаңында облыс әкімінің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. М. Ертаев құттықтау сөз сөйлеп, өз баяндамасында әлеуметтік диалогты дамытудың әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен еңбек жанжалдарының алдын алудағы маңызын атап өтті.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің 2026 жылға арналған міндеттері туралы Комитет төрағасы М. М. Ахметов баяндады.
Өңірдегі еңбек ұжымдарындағы ағымдағы жағдай туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Қ. Кизатов баяндама жасады. Баяндаманың барысында департаменттің ағымдағы жылдың 11 айындағы жұмыс қорытындылары шығарылып, Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мен Еңбек тәуекелдері картасын іске асыру нәтижелері таныстырылды, өндірістік жарақаттану жағдайы, профилактикалық бақылау шаралары, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің жұмысы талданды.
Сондай-ақ Қазақстан саңыраулар қоғамы мен «Қазцинк» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Халықтық бақылау» жобасының іске асырылу барысы және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген іс-шаралар қаралды.
Облыстық үшжақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, өңірде әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және әлеуметтік диалогты дамытуға бағытталған шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.М. Ертаев 2023 жылы «Қазцинк» компаниясы мен Қазақстан саңыраулар қоғамының бірлесуімен құрылған, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыс істейтін бейнемониторинг орталығына барды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1153500?lang=kk

Жауап қалдыру