2026 жылы себілетін қант қызылшасы бойынша Ақсу қант зауытының өкілдерімен және аудан шаруа қожалықтарымен жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы себілетін қант қызылшасы бойынша Ақсу қант зауытының өкілдерімен және аудан шаруа қожалықтарымен жиын өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары А. Қабаев ашып, алдағы маусымда қант қызылшасын өндіруді тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. Жиын барысында қант қызылшасының егіс алқаптарының жоспарланған көлемі, қант қызылшасын өндіру және өткізу бойынша екіжақты келісім-шарттар жасау тәртібі, келісім-шарт талаптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шикізатты қабылдау және есеп айырысу тетіктері, тұқым түрлері, сорттары және олардың өнімділік көрсеткіштері, тұқым жеткізу тәртібі мен мерзімдері, қант қызылшасын Ақсу қант зауытына өткізу тәртібі, өнімді қабылдау кестесі, өнім сапасына байланысты талаптар және бағалау критерийлері кеңінен талқыланды. Жиын қорытындысында шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, нақты ұсыныстар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1155003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді