Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері «Avenue» сауда орталығында кәсіпкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 ақпанда Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері «Avenue» сауда орталығында кәсіпкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы заңнама талаптары, оның ішінде тауар белгілерін заңды пайдалану тәртібі, контрафактілік өнімді өткізу үшін жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Кәсіпкерлерге құқық иелерінің құқықтарын сақтау және зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсынымдар беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1154416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді