Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Қараөткел, Қоянды, Талапкер және Нұрлы ауылдарының тұрғындарын қабылдады. Азаматтардың өтініштері елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, автомобиль жолдарын жөндеуге, сондай-ақ жер қатынастарына қатысты түрлі мәселелерді қамтыды.

Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді, сондай-ақ жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1154726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді