
Аудан әкімі Марат Лұқпанұлы аппараттық кеңесте жаңа басшыны ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі!
Дәулеткерей Атауұлы 1965 жылы 21 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген.
1983–1991 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын аудандық баспасөз саласында қызметін бастап, әр жылдары Жәнібек аудандық мәдениет бөлімі, облыстық әкімдік аппараты, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Геральдикалық зерттеулер орталығы, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы маманы, «Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры секілді мәдениет және тіл саясаты саласындағы мекемелерде жауапты және басшылық қызметтер атқарған.
Жалпы еңбек өтілі – 37 жыл, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі – 21 жылдан асады.
Жаңа қызметінде Дәулеткерей Атауұлы өңір мәдениетін дамытуға, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды насихаттауға тың серпін береді деп сенеміз.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Галиев жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне табыс тіледі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1154318?lang=kk

Жауап қалдыру