Дәріханалық қоймада GDP стандартына сәйкестігін тексеру жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ЗЕРДЕ» ҒӨБ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дәріханалық қоймасында тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) стандарты талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізілді.
Инспекциялық топ құрамы:

Сыдықова Гүлжан Сағымбекқызы — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы (бұдан әрі — Департамент), жетекші фармацевтикалық инспектор, топ жетекшісі;

Әділ Болат — Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, топ инспекторы;

Рахимжанова Мақпал Жомартқанқызы — Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы, топтың тағылымгері;

Елтаев Диас Елтаевич — фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің бас маманы.

Тиісті дистрибьюторлық практиканың мақсаты — дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін жеткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде сақтау үшін қажетті сақтау, тасымалдау және тарату шарттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған дәрілік заттардың жеткізу тізбегіне ену қаупінің алдын алу.
Осы Стандарт талаптарын сақтау жеткізу тізбегін бақылауды қамтамасыз етеді және дәрілік заттардың сапасы мен тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1155067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді