Дүниежүзілік сайлау күніне орай Исатай ауданының жоғарғы сынып оқушылары арасында «Таңдауым маңызды» тақырыбында диктант жазу жұмысы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Исатай ауданының жоғарғы сынып оқушылары арасында «Таңдауым маңызды» тақырыбында диктант жазу жұмысы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — болашақ сайлаушылардың сайлауға деген қызығушылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және сайлау органдарының жұмысына деген көзқарасын анықтау.
Диктант барысында оқушылар өз білімін саралап, сайлаудың қоғам өміріндегі маңызын, әрбір азаматтың саналы таңдауы ел болашағына тікелей әсер ететінін түсінді. Жастардың белсенді қатысуы олардың азаматтық ұстанымының қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Осындай танымдық шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел тағдырына бейжай қарамайтын саналы азамат тәрбиелеуге жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/1154863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді