
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2026 жылдың 04 қаңтар күні Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратында «eGov mobile» мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында презентация өткізілді.
Іс шара барысында мобильді қосымшалар арқылы 26 адамға электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға мүмкіндік бар екендігі, мемлекеттік қызметтерді қалай алу керек екендігі және ЭЦҚ-ны ашу туралы айтылды. Округ тұрғындары мобильді қосымшаны ұялы телефондарына жүктеп, ЭЦҚ кілттерін тіркеп бірнеше қызмет түрлерін алып көрді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-karakemer/press/news/details/1154340?lang=kk

Жауап қалдыру